×

Атырауда ветеринариялық станцияның лауазымды адамдары жауапқа тартылды

Олар өздерінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған

 Динара Амантай 03.06.2023 | 11:30
Фото: liter.kz

Атырауда қалалық ветеринариялық станцияның лауазымды адамдары жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою мақсатында Атырау қалалық ветеринариялық станциясының лауазымды адамдарының және «109» байланыс орталығының диспетчерінің немқұрайлылық фактісі бойынша ұсыныстарын қарады. Анықталғандай, иттерді аулауды ұйымдастыру міндеті жүктелген осы ұйымдардың лауазымды тұлғалары өздерінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған.

Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өз кезегінде кінәлі адамдарды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауға бастамашылық жасады.

Мәселен, бірыңғай байланыс орталығы «109» диспетчерінің лауазымдық нұсқаулығында жүйенің техникалық істен шығуы жағдайында шаралар қарастырылған. Енді диспетчер акт жасап, кез келген қолжетімді байланыс арнасы арқылы өтініш беруі керек.

Қазір кінәлі адамдарға міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама