Ақтөбеде төрт мұғалім қаза тапты: Білім басқармасы мәлімдеме жасады
Педагогтар Ақтөбе қаласына диплом алуға бара жатқан
Ақтөбеде жол апатына ұшыраған автокөліктің ішінде оралдық мұғалімдер болған, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.
Еске сала кетейік, Самара-Шымкент тасжолы бойында Ақтөбе облысы аумағында «Лада Ларгус» автокөлігі «DAF» жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам көз жұмған.
Ведомство мәліметінше, жеңіл көлікте Орал қаласының мұғалімдері болған.
«Педагогтар Ақтөбе қаласына диплом алуға бара жатқан. Олар өз өтініші негізінде еңбекақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан. Жол апаты салдарынан №47 орта мектептің педагог-дефектологы оқиға орнында қаза тапты.
Сондай-ақ №5 орта мектептің логопед маманы мен Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Кейін олардың біреуі - сурдопедагог қайтыс болғаны жөнінде хабар келді. №9 орта мектептің педагог-дефектологы Ақтөбе қаласына басқа көлікпен барғандықтан, зардап шеккен жоқ. Оқиғаның жай-жапсары әлі анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.