×

Қытай Көлік колледждерінің түлектері Қазақстанда жоғары білім алады

Екі ел арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

 Динара Амантай 02.06.2023 | 12:00
Фото: ашық дереккөз

Қытай Көлік колледждерінің түлектері Қазақстанда жоғары білім алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау нәтижесінде Логистика және көлік академиясы мен Нанкин көлік технологиялары кәсіптік институты арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Нанкин көлік технологиялары кәсіптік институты – Қытайдың Цзянсу провинциясы Көлік департаментінің қарамағындағы мемлекеттік институт. Оның 6 факультетінде 10 мыңнан аса студент оқиды.

Аталған келісім шеңберінде Қытай көлік колледждерінің түлектерін Қазақстанның бейінді көліктік жоғары оқу орны – Логистика және көлік академиясында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту көзделеді. Тараптар көлік және логистика саласы үшін мамандарды бірлесіп даярлау, профессорлық-оқытушы құраммен және білім алушылармен академиялық алмасу, жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыру-өткізу және көлік, теміржол машиналарын жасаудағы инновациялық технологиялар трансферті туралы уағдаласты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама