Өскеменде 19 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр
28 мамыр күні үйден белгісіз бағытта шығып кеткен ол сол күйі қайтып оралмады
Өскемен қаласында үйден шығып кеткен жас қыз із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 жастағы Надежда Короткованың табылмай жатқанына 4 күн болды.
«28 мамыр күні үйден белгісіз бағытта шығып кеткен ол сол күйі қайтып оралмады. Ата-анасы бұл туралы полицияға тек 31 мамырда хабарлаған. Бірден полиция қызметкерлері іздестіру шараларына кірісті», - делінген ақпаратта.
Үйден шыққанда ол қою көк джинсы шалбар мен қызғылт сары күртке киген.
«Жоғалған қыз әлі табылмай жатыр. Қазіргі уақытта оның баруы мүмкін деген мекен-жайлар түгел тексерілуде. Надежда Короткованың қайда екендігі туралы мәлімет білетіндерден «102» жедел арнасына хабарласуын сұраймыз», - делінген хабарламада.