×

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды

Ол қызметіне салғырт қарағаны үшін қамауға алын

 Халық үні 20.04.2022 | 20:46
Қайдар Қарақұлов, фото: sputnik.kz

Ішкі істер министрлігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұловтың ұсталғанын растады. Ол қызметіне салғырт қарағаны үшін қамауға алынып отыр.

Еске сала кетейік, өткен жылы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Төтенше жағдайдың салдарынан 17 адам қаза тапты. Бір әскери қызметкер әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр.

Биыл 15 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама