×

Ақтөбедегі қайғылы жағдай: көз жұмған 4 адамның кім екені белгілі болды

Оқиға бүгін Самара-Шымкент автожолының Қобда ауданы аумағында болды. «Лада Ларгус» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

 Халық үні 01.06.2023 | 21:45
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Ақтөбеде жол апатына ұшыраған автокөліктің ішінде оралдық мұғалімдер болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Самара-Шымкент тасжолы бойында Ақтөбе облысы аумағында «Лада Ларгус» автокөлігі «DAF» жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам көз жұмған.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жеңіл көлікте Орал қаласының мұғалімдері болған.

«Педагогтар Ақтөбе қаласына диплом алуға бара жатқан. Олар өз өтініші негізінде еңбекақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан. Жол апаты салдарынан №47 орта мектептің педагог-дефектологы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ №5 орта мектептің логопед маманы мен Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Кейін олардың біреуі - сурдопедагог қайтыс болғаны жөнінде хабар келді. №9 орта мектептің педагог-дефектологы Ақтөбе қаласына басқа көлікпен барғандықтан, зардап шеккен жоқ. Оқиғаның жай-жапсары әлі анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама