Қазақстан халқы санының соңғы көрсеткіші жарияланды

Еркеғали Болатұлы

Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында өсім тежелген

көрнекі фото: Halyq Uni

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы жаңарған мәліметті ұсынды.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі халық саны 19 миллион 854 мың 83, оның ішінде қала халқы – 12 миллион 276,3 мың, ауыл халқы – 7 миллион 577,7 мың адам болды. 2021 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда, халық саны 238,3 мың адамға немесе 1,3 пайыз өскен.

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 19 миллион 765 мың 4 адам болған. Одан кейінгі 6 айда жалпы өсім 89 мың 79 адамға толықты.

Алматы қаласы халық санының ең көп өсімін көрсетті. Ондағы халық санына қазір 17 мың 771 адам қосылып отыр. Екінші орында Астана қаласы тұр, мұндағы өсім – 16 мың 802 адам. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 10 мың 427 тұрғынға артты.

Теріс демографиялық көрсеткіштер Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында байқалады.