Жансая Әбдімәлік шахмат федерациясына басшы болды
Алматыда шахмат федерациясы құрылды
Алматыда шахмат федерациясы құрылып, ұйымның президенті болып Жансая Әбдімәлік тағайындалды.
«Федерация 2024 жылға дейін төрт негізгі бағытты дамытуды жоспарлап отыр: азаматтар арасындағы бұқаралық спорт, мектептегі шахмат, элиталық спорт, сондай-ақ ардагерлерді қолдау», - деді Жансая Әбдімәлік.
Жансая Әбдімәліктің әкесі - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Әшіров Жансаяның халықаралық турнирлер мен оқу-жаттығу жиындарына қатысқан мол тәжірибесі бар шахматшы болуы федерация үшін үлкен артықшылық болатынын атап өтті.
«Қазақстаннан шыққан шахматтан тұңғыш әлем чемпионының өзі туып-өскен қалада - Алматы шахмат федерациясының президенті болуының символдық мәні бар. Жансаяның келуімен жағдай жақсы жаққа өзгереді: Алматыда шахматты дамыту үшін турнирлерге, элиталық шахматшылар мен басқа елдер жаттықтырушыларын шақыруға мүмкіндіктер ашылады», - деді Данияр Әшіров.