Ол қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен ұтты
Әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, чехиялық 18 жастағы Линда Носковамен кездесті.
Рыбакина матчты брейкпен бастап, 3:1 есебімен алға шығып, одан кейін тартысты геймде сетті тағы бір брейкпен аяқтады. Есеп – 6:3.
Екінші партияда есеп 4:3 болған кезде отандасымыз брейк жасай білді. Ол матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жібермей, 6:3 есебімен ұтты.
Бір сағат 26 минутқа созылған матчта Рыбакина 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.
Енді ол төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартич немесе дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормоның қай жеңгенімен ойнайды.