×

Елеусінов АҚШ-та танымал бапкердің залына көкбайрақты іліп қойды (ВИДЕО)

Ол бапкер қазақ жанкүйерлеріне Жәнібек Әлімханұлымен бірге жұмыс істеп танылған

 Еркеғали Болатұлы 01.06.2023 | 16:40
фото: Стивен Маккарти/Sportsfile

Қазақстандық кәсіби боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Флорида штатындағы жаттығу залына еліміздің туын іліп қойды.

Боксшының көк байрақты іліп жатқаны туралы видео Instagram-дағы tblbfitness парақшасында пайда болды. Онда танымал америкалық бапкердің қоластында жаттығатын спортшылар өз елдерінің туларын қабырғаға іле бастаған. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының чемпионы да бар.

Айта кетсек, бұл зал америкалық бапкер Бадди Макгритке тиесілі. Ол қазақ жанкүйерлеріне Жәнібек Әлімханұлымен бірге жұмыс істеп танылған. Ал Данияр Елеусіновтің мансабында әзірге үзіліс орнады. Ол өз менеджерлерін сотқа бергелі жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама