×

Прокурорлар ШҚО түрмесінде болған азаптауды анықтады

Полиция қызметкері азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды

 Дастан Жұмабекұлы 01.06.2023 | 15:10
фото: ашық дереккөз

Прокуратура органдары тергеудің заңсыз әдістері мен сотталғандарға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартып жатыр.

Биылғы ақпанда бас прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы сот Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі, полиция қызметкері М.-ға қатысты Шығыс Қазақстан облысы облыстық сотының апелляциялық сатысының ақтау үкімінің күшін жойды. Бұған дейін ол жүйелі азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.

Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемедегі бұрынғы полиция басшылығымен қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға азаптау қолданылғаны туралы нақты дәлелдер тапты. Атап айтқанда, полиция қызметкері М.-ның қарамағындағы адамдарға сотталғандарды азаптауға нұсқау бергені анықталды. Сотталғандарды жазаны өтеу режимінің бұзылуына жатпайтын бұзушылықтар үшін жазалаған. Мысалы, сотталған адам дұрыс қырынбағаны үшін немесе мекеме қызметкерлерінің аты мен әкесінің атын ұмытып қалса да жазаға тартылған. Бүкіл азаптау процесі бейнекамераға жазылған.

Қазір бұрынғы полиция қызметкері М. азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды.

Мұндай фактілерді анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама