×

Алматыда тегін үйірмелер мен спорт секцияларына 320 мың баланың 10%-ы ғана барады

Қазір шаһарда қосымша білім беретін 17 мекеме бар

 Динара Амантай 01.06.2023 | 12:41
Фото: silkway.edu.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мемлекет басшысына қаладағы қосымша білім беру саласының дамуын баяндады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, қазір шаһарда қосымша білім беретін 17 мекеме бар. Мектеп жасындағы 320 мың баланың тек 10 пайызы тегін үйірмелермен және спорт секцияларымен қамтамасыз етілген.

Президенттің тапсырмасы бойынша «100 заманауи оқушылар сарайын салу» бағдарламасын іске асыру мақсатында Алатау ауданында тағы да осындай инновациялық шығармашылық орталық салынған. Осындай нысандардың балаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Түрксіб және Бостандық аудандарында бұрынғы ескі оқушылар сарайының орнына жаңадан даму және шығармашылық орталықтарын салу жоспарланған.

Жалпы, қала басшылығы 2025 жылдың соңына қарай тегін қосымша біліммен қамту көрсеткішін 25 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама