Halyq Uni логотип
×

Оралда көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді

 Халық үні 01.06.2023 | 06:25
Оралда көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды
фото: ашық дереккөзден

Орал қаласында көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 мамыр күні шамамен сағат 15.15-те Шаған өзенінен өтетін көпірде болды.

«2001 жылғы тұрғын «Динамо» спорт базасы маңындағы көпірден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Мәйіт Орал қаласының сот-медициналық сараптама орталығына жіберілді.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу амалдарын Зачаган полиция бөлімі жүргізуде», деп хабарлады ведомстводан. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама