ІІМ бұғатталды деген Kyzdar.net сайтының қалай жұмыс істеп тұрғанын түсіндіріп бере алмады
Бірін бұғаттасақ, бірі пайда болады
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов Мәжіліс дәлізінде Kyzdar.net сайтына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ержан Сәденов интернет-ресурстарды, оның ішінде Kyzdar.net секілдісін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Шымкентте және басқа қалаларда осындай фактілер анықталды, ал қазір осы қылмысқа қатысты адамдар тобы жауапқа тартылуда. Сайт бұғатталған», - деді ол.
Алайда вице-министрге журналистер аталған сайттың әлі де жұмыс істеп тұрғанын шуласа жеткізді.
«Бірін бұғаттасақ, бірі пайда болады. Сайт анықталған кезде біз фактіні де анықтаймыз, ал бұғатталған сайттың мекен-жайы сақталуы мүмкін емес», - деп жауап берді вице-министр.