Halyq Uni логотип
×

Оралдық кәсіпкерді пышақтап өлтіргендердің ісіне қатысты тың дерек шықты

Шыққан үкім апелляциядан кейін өзгеріссіз қалды

 Халық үні 31.05.2023 | 19:52
Оралдық кәсіпкерді пышақтап өлтіргендердің ісіне қатысты тың дерек шықты
фото: mgorod.kz

БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында сотталушы Тұрлан Амангелдінің шағымы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғандай, оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірген Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталған болатын.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, апелляциялық сатыдағы сот шағымды қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырды. Тек жазаларын қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге өзгертілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама