Қызылордадағы колониялардың бірінде жазасын өтеуші өз-өзіне қол жұмсады

Халық үні

Марқұм «өз-өзіне қол жұмсауға бейім» азамат ретінде мекеменің есебінде тұрған

көрнекі фото: Halyq Uni

2 желтоқсанда Қызылорда облысы бойынша қауіпсіздігі аралас мекемесінде жазасын өтеуші қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі - суицид.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және ҚАЖ департаменті басшылығы барды. Бейнебақылау камераларынан материалдар зерделеніп, басқа сотталғандармен сұхбат жүргізілді. Тескеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер болмағандығы анықталды. Жазасын өтеуші ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігімен сотталған.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, жазасын өтеуші «өз-өзіне қол жұмсауға бейім» азамат ретінде мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде тұрған. Оған «Органический галлюциноз» диагнозы қойылған.