×

Бүгін елімізде оқу жылын 3 млн 700 мыңнан аса оқушы аяқтап жатыр

Жазғы демалыста 1 млн-нан аса бала үшін секциялар мен үйірмелер ашылады

 Динара Амантай 31.05.2023 | 13:12
Фото: kazbusiness.kz

Бүгін оқу жылының соңғы күнінде елімізде 3 млн 700 мыңнан аса оқушы оқу жылын аяқтап жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 172 мың түлек 11-сынып бітірген, оның 6 мың 800-і – «Алтын белгі» үміткері. Ал 9-сыныпты 288 мыңнан аса түлек тәмамадады. 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3%-ы жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл – ел бойынша 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар.

Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерлер жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асады. Жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмыс істейді.

Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Балаларды ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме қабылдайды.

Сондай-ақ балалар «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттап, спорттық-жаттықтыру жиындарында шынығып, тілдік курстарға қатыса алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама