Автокөліктегі құпия орыннан есірткі табылды
Ақ түсті консистенциясы тұзға ұқсас, өзіне тән иісі бар 23 полиэтилен пакет тәркіленді
Көкшетау полицейлері автокөліктің салонынан есірткі затының 23 бумасын тәркіледі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Көкшетау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері түнгі рейдте Абай-Темірбеков көшелерінің қиылысында Chevrolet автокөлігін тоқтатып, күдік тудырған жүргізушінің көлігіндегі жасырын орыннан ірі көлемдегі есірткіні тапқан.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, көлікті 28 жастағы ер адам жүргізген. Одан басқа, көлікте 28 жастағы жолаушы болған. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші мен жолаушы күдік туғызып, көлікті тексеруге қарсы шыққан. Соған қарамастан полицейлер көлікті тінтіп, ақ түсті консистенциясы тұзға ұқсас, өзіне тән иісі бар 23 полиэтилен пакетті тәркіледі.
Қазір ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша («Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жалғасып жатыр.