Оның денесі табылып, туыстарына тапсырылды
Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Сафон ауылында жасанды су арнасынан бір үйір жылқыны өткізіп бара жатқан ересек бала аттан құлап, суға батып кетті.
Mgorod.kz-тің хабарлауынша, тұрғындар жасөспірім құлағаннан кейін жарты сағатта оның денесін тауып алып, туыстарына тапсырған.
Бұған дейін осы өңірдің Құрманғазы ауданындағы Нұржау ауылында 15 жастағы жасөспірімнің суға батып кеткені хабарланған еді. Ол тыйым салынған жерде шомылған.