Бүгін күн ысып, өрт шығуы мүмкін – синоптиктер

Дастан Жұмабекұлы

SMS хабарламада астанада да тілсіз жаудың қаупі болатыны айтылған

фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін ел аумағында күн қатты ысып, содан өрт шығуы мүмкін екенін айтты.

Синоптиктер 31 мамырда тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз күн ашық болатынын хабарлады. Қазақстанның қалған бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады делінуде. Сондай-ақ еліміз бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, солтүстікке тұман түсуі мүмкін.

Бүгін Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде және батысында күн қатты ысиды. Қостанай облысының кей жерінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында өрт шығуы мүмкін. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысы мен орталығында, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, – делінген хабарламада.

SMS хабарламада Астана қаласында да 31 мамыр мен 2 маусым аралығында өрт шығуы мүмкін екені айтылып жатыр.