×

Ақтөбе облысында қамауға алынған депутаттың кім екені белгілі болды

Ірі алаяқтық жасағаны үшін ұсталған аманаттық депутаттың есімі Асылбек Нұргелдин болып шықты

 Халық үні 30.05.2023 | 23:45
Фото: Sputnik.kz

Ірі алаяқтық жасағаны үшін ұсталған аманаттық депутаттың есімі Асылбек Нұргелдин болып шықты, деп хабарлады Press.kz.

«Қобда Агро» шаруа қожалығының басшысы болған Асылбек Нұргелдин өзінде жоқ малға мемлекеттен 457 миллион теңге алған. Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеушілері оған осындай айып тағып отыр.

Бұдан басқа Асылбек Нұргелдинге 600 бас ірі қара алу үшін «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ компаниясынан заңсыз несие алған деген айып тағылған.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында мәслихат депутаты қамауға алынғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама