×

Атырау облысында 12 жасар бала қайғылы жағдайда қаза тапты

2011 жылы туған бала «Сафон» жасанды каналы арқылы мал айдау кезінде абайсызда ат үстінен суға құлап кеткені анықталып отыр

 Халық үні 30.05.2023 | 22:40
ашық дереккөзден

Құрманғазы ауданында 12 жасар бала абайсызда суға құлап кетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

2023 жылғы 30 мамырда сағат 15:00-де Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы кентінен 38 км қашықтықтағы Сафон ауылдық округінің Сафон ауылында канал арқылы өту кезінде 2011 жылы туған баланың абайсызда суға құлап кеткені туралы хабар келіп түсті.

ТЖД күштері шақырту орнына жедел шықты. 2011 жылы туған бала «Сафон» жасанды каналы арқылы мал айдау кезінде (жылқы малы) абайсызда ат үстінен суға құлап кеткені анықталып отыр.

Іздестіру жұмыстары барысында сағат 15:30-да жергілікті тұрғындардың күшімен баланың денесі табылып, туысқандарына берілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД (8 жеке құрам және 2 техника), АПБ (1 қызметкер және 1 техника) және жергілікті тұрғындар (20 адам және 2 жүзу құралы) жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама