×

Астанада бір топ оқушының желідегі видеосынан кейін мектеп директоры жұмыстан босатылды

Астанада бір жыл бойы оқушыларға сабақ өткізбеген мектеп директорының ісі арнайы жұмыс тобында қаралып, нәтижесінде ол қызметінен босатылды

 Халық үні 30.05.2023 | 21:38
Фото: inbusiness.kz

Астанада бір жыл бойы оқушыларға сабақ өткізбеген мектеп директорының ісі арнайы жұмыс тобында қаралып, нәтижесінде ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Желіде тараған ақпаратта мектеп директоры «Абайтану», «Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы» және «Жаһандық құзыреттілік» сияқты факультативті сабақтар үшін ақша алып отырған, бірақ сабақты өткізбеген.Бұл туралы мектеп оқушылары видео түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Астана қаласының білім басқармасы №49 орта мектептегі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған мектеп директорына қатысты қызметтік тергеу жүргізу үшін басқарманың 26 мамырдағы №1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. 26 мамырда жұмыс тобының қорытындысы бойынша мектеп директорының іс-әрекеті тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Бүгінде №49 орта мектептің директоры білім басқармасының 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен жұмыстан шығарылған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама