Егін жинауға жеңілдікпен дизель отынын алуға өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Динара Амантай

Бүгінде 24 мыңнан аса электронды өтінім түскен

Фото: Halyq Uni

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдікті дизель отынын алуға электронды өтінім қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір айында бекітілген ережелерге сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті жанар-жағармай бөлу gosagro.kz модулінің базасында электронды форматта жүргізіледі. Өтінімдердің барлығын оның ішінде егін жинау жұмыстарына да жүйеде ЭЦҚ көмегімен беру қажет.

Айта кетсек, бүгінде қазақстандық фермерлер 342,7 мың тонна арзандатылған дизель отынына 24 мыңнан аса өтінім берген.