2024 жылы қазақстандықтар Токио мен Сингапурға тікелей ұша алады – Air Astana
Жыл соңына дейін жаңадан 9 әуе рейсі ашылады
Келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтары Токио мен Сингапурға тікелей ұша алады. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде Air Astana мен Fly Arystan 65 рейс орындап отыр.
«Өткен аптада біз Анкараға рейс аштық. Сондай-ақ Шымкент пен Нью-Дели арасындағы әуе рейсін (Fly Arystan) іске қостық. Биыл Астана – Доха (Fly Arystan) бағыты, күзде Air Astana Алматы мен Тель-Авив арасында рейс, ал қазанда Алматы – Джидда әуе рейсі ашылады», - Питер Фостер Үкімет отырысында.
Сондай-ақ әуе компаниясының басшысы қазақстандықтар келесі жылдан бастап Жапония астанасына тікелей ұша алатынын жеткізді. Бірақ ол қай қаладан ұшуға болатынын нақтыламады.
2024 жылғы наурызда біз Токиоға және Куала-Лумпур мен Сингапурға әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырмыз. Біз үшін Сингапур – жаңа рейс, - деді Air Astana президенті.
Бұған дейін жыл соңына дейін жаңадан 9 әуе рейсі ашылатыны хабарланғанды.