Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Қорғаныс министрлігі қаулының жобасын дайындады
Қорғаныс министрлігі Үкіметтің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді. Құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған, – делінген хабарламада.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғ 6 маусымға дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.