Қарағандыда екі автобус соқтығысып, адамдар зардап шекті
Тиісті сараптамалар тағайындалды
Қарағандыда екі автобус соқтығысып, салдарынан 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Қарағанды қаласы Дүйсембеков көшесінен Бұқар-Жырау даңғылына қарай бағыт алып бара жатқан Yutong автобусының 54 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережесін және жылдамдықты сақтамай, жаяу жүргіншіні өткізіп тұрған 51 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes қоғамдық көлігінің артынан соққан. Салдарынан Mercedes қоғамдық көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші, Yutong автобусының 2 жолаушысы және Mercedes автокөлігінің 1 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.