Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Өскеменде қараусыз қалған үйден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 22 мамырда ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҰҚКД және ШҚО бойынша ҚАЖД-мен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласының қараусыз қалған үйлерінің бірінен заңсыз сақталған қаруды тапқан.
Тәртіп сақшылары нөмірлері өшірілген 7,62 мм калибрлі Наган ойық ұңғылы тапаншасын, оған келетін 7,62 мм калибрлі 188 оқты, ТОЗ 34 ЕР аңшылық мылтығы оқпанын, Ф1 граната корпусын, аңшылық мылтықтан 20 калибрлі 12 оқты, сондай-ақ 4 сигналдық зымыранды тапқан.
ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша тапанша жауынгерлік деп, ал оқ-дәрілер атуға жарамды деп танылды.