Бүгін ауа райы қандай болады?
Республика бойынша екпінді жел сақталады
Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің тек солтүстік-батысында, оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел сақталады, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болжанады.
Қостанай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығы мен шығысында, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.