×

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап кеткен екі баланың жағдайы айтылды

Бірінші жағдайда үш жасар қыз бала зардап шексе, екінші оқыс оқиғада төрт жасар ұл бала ауыр жарақат алды

 Халық үні 20.04.2022 | 11:53
көрнекі фото: favoritekherson.co

19 сәуірде түстен кейін Қарағанды қаласы Құрылысшылар даңғылындағы көп қабатты үйдің екінші қабатынан төрт жасар бала құлап кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Зардап шеккен бүлдіршін жағдайы орташа ауыр, ол балалар травмасы бөлімінде жатыр. Кеше жіліншік сүйектерінің ашық сынығына операция жасалған.

Қарағанды қаласында осыған ұқсас жағдай 16 сәуірде де тіркелді. Гоголь көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатының терезесінен 2019 жылы туған қыз бала құлап кеткен. Қыз баланың жағдайы тұрақты ауыр. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

ТЖД қызметкерлері мұндай жағдайдың көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде болатынын еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Үкіметте өткізу бекеттерін жаңғырту мәселелері қаралды

Қаржы министрі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді
21.03.2023 | 10:01

Наурыз мейрамы туралы қызықты деректер

1988 жылдан бастап ол қайта тойлана бастады
21.03.2023 | 08:00