Киев қалалық әскери әкімшілігі қалада әуе қорғанысы жұмыс істеп жатқанын хабарлады
Украина астанасында бүгін, яғни 29 мамырда жарылыс болды. Елдің бірнеше өңірінде әуе дабылы жарияланды. Тұрғындарға баспаналарынан шықпауға кеңес берілді.
УНИАН агенттігінің хабарлауынша, Киевте және Киев облысында сағат 11:00-ден кейін әуе дабылы туралы ескерту жарияланған. Кейінірек қалада жарылыс болды.
alerts.in.ua әуе ескерту картасына сәйкес, Киев пен Харьков, Запорожье, Днепропетровск, Чернигов, Донецк және Луганск облыстарының тұрғындары үшін ауадан қауіп бар.
Киев қалалық әскери әкімшілігі қалада әуе қорғанысы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қала тұрғындарына да баспаналарда болуға кеңес берілді.
Қала мэрі Виталий Кличконың айтуынша, Киевтің Облонский ауданында зымырандардың сынықтары тасжолға құлаған, барлық қызмет сол жерге жіберілген.
Киевке шабуыл жалғасуда. Баспаналардан шықпаңдар! Қалада жарылыстар болып жатыр. Орталық облыстарда. Баспаналарда болыңдар! – деді Виталий Кличко.