Полиция генерал-майоры Біләловке қатысты тергеу аяқталды

Дастан Жұмабекұлы

Ол 40 млн теңгені иемденген

фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иемленіп алған полиция генерал-майоры Б.С. Біләловке қатысты тергеуді аяқтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, қазір іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.