×

Шымкентте жылан көбейіп жатыр

Құтқарушылар оларды арнайы техникамен ұстайды

 Дастан Жұмабекұлы 29.05.2023 | 13:11
фото: ашық дереккөз

Биыл Шымкент қаласында жылан көбейе бастады. Қала тұрғындары бір күннің өзінде құтқарушыларға бірнеше рет хабарласады.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, мамыр айының демалыс күндері қала халқы жыландарды ұстау үшін құтқарушыларға 14 рет хабарласқан. Ал жыл басынан бері шымкенттік құтқарушылар жылан аулауға 42 рет шығып, 31 жыланды тауып, қауіпсіз жерге шығарған.

Мамыр айында құтқарушыларға қала тұрғындарынан 35 шақырту түскен. Адамдар 14 рет тиісті мекеменің қызметкерлерін шақырғанда жылан 7 рет қана табылған. Құтқарушылар оқиға орнына барып, жыландарды арнайы техникамен ұстаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама