×

Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап тұрғын үй мен емге өз жинақтарын пайдалана алады

Бұл мүмкіндік қазақстандықтарға Әлеуметтік кодекс аясында беріледі

 Динара Амантай 29.05.2023 | 11:30
Фото: gov.kz

Биыл 1 шілдеден бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы зейнеткерлер тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге өз зейнетақы жинақтарын пайдалана алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында еңбек сіңірген жылдары бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы БЖЗҚ-да жинақталған қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады.

Емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін жоғарыда көрсетілген интернет-платформа арқылы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ына ғана жүгіну қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама