Ертең Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеспек.
Сонымен қатар, ол өңірдегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Бұдан бөлек, 30 мамырда Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.
Ал 2 маусымда мемлекет басшысы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.