Halyq Uni логотип
×

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың қанша күнге қамалғаны айтылды

Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық еттті деген күдікке ілінді

 Ербол Тұрымбет 20.04.2022 | 11:02
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың қанша күнге қамалғаны айтылды
скриншот: instagram.com/make_sakevich

Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды.

Алматы қалалық тергеу сотының қаулысы бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын кепілден 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгертуге санкция берілген.

Еске салайық, 19 сәуір күні Алматыда «Mudaraban Capital» қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынғаны туралы хабарланды. Аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған еді.

Айта кетейік, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын.

2022 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Төребаев пен Шерниязовқа қатысты 1000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды.

Күдіктілердің бірі Азимжан Саидбаевтың қайда екені белгісіз болғандықтан, сырттай қамауға алынған.

Айта кетейік, 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді. 1990 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігімен 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізіліп, реанимация бөліміне жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама