×

Астана маңындағы ауылда 10 жасар бала жаттығу кезінде көз жұмды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Мән-жайды толық анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды

 Халық үні 28.05.2023 | 23:30
Фото: Sputnik.kz

Ақмола облысында он жасар бала жаттығу кезінде көз жұмды.Талапкер ауылындағы мектептің оқушысы футбол үйірмесіне қатысқан, деп хабарлады qazaqstan.tv.

Таңертең спорт алаңына келген ол дене қыздыру жаттығулары кезінде ес түссіз құлаған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел-жәрдем жеткенше баланың жүрегі тоқтап қалған. Алайда, куәгерлер оқушыға дер кезінде көмек көрсетілмеді дейді. Сол үшін жедел-жәрдем бригадасының бас дәрігері жұмыстан шеттетілді.

«Қайтыс болған үшінші сынып оқушысы «Жас тұлға» спорт-мәдени орталығындағы компьютерлік графика мен футбол секциясына сабақтан тыс уақытта қатысып жүрген. Осыдан бір айы бұрын баланың анасы өтініш жазып, оны арнайы дайындық орталығындағы үйірмелерге берген. Қазір үйірмеге 150-ден астам бала барады. Жеткіншек кесте бойынша, компьютерлік графика сабағынан кейін футбол алаңына барған», -дейді облыстық Білім басқармасының бас маманы Айгүл Магавина.

Бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мән-жайды толық анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама