Ауғанстан мен Иран шекарасындағы атыста 3 адам оққа ұшты
Оқиғадан кейін ірі шекара бекеті жабылды
Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болып, екі ирандық шекарашы мен бір «Талибан» содыры қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше сарбаз жарақат алған.
Қақтығыс суға таластан туған. Оқты кімнің бірінші атқаны белгісіз. Қос тарап бірін-бірі айыптап отыр.
Бүгін Нимроз провинциясында ирандық шекарашылар Ауғанстанға қарай оқ жаудырды. Бұлар қайта жауап берді. Қазір жағдай бақылауда. Ислам әмірлігі көршілерімен соғысқысы келмейді, - деді Талибан басқаратын Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такор.
Оқиғадан кейін Иранның Белуджистан мен Ауғанстанның Нимроз аймағында орналасқан ірі шекара бекеті жабылды.