Бірінші турда 50% дауысты бірде-бір кандидат жинай алмады
Бүгін жергілікті уақыт бойынша 08:00-де (Астана бойынша 11:00-де) Түркияда президент сайлауының екінші туры басталды.
Елде 60 миллион 721 мың 745 сайлаушы үшін 191 мыңнан аса дауыс беру жәшігі орнатылған. Дауыс беру сағат 08:00-де басталып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де аяқталады.
Сайлаушылар президенттікке Әділет және даму партиясының төрағасы, қазір ел басқарып отырған Режеп Тайып Ердоған мен алты оппозициялық партиядан құралған альянсты басқаратын Кемаль Қылышдароғлының біреуін таңдайды.
Айта кетсек, президент сайлауының бірінші туры 14 мамырда өткен болатын. Сол кезде 50%-ды бірде-бір кандидат жинай алмады.
Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған 49,5% дауыс жинаса, оның басты қарсыласы Кемаль Қылышдароғлы 45%-дан аз дауысқа ие болды.