Бұл жайында полицияға жағдайға куә болған көршілер хабарлаған
Қостанайда мектеп оқушысы үйінде ата-анасы жоқ кезде төртінші қабаттан құлаған.
Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.
Ведомство мәліметінше, кеше, 27 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 13 жасар оқушы құлап кеткен.
Бұл жайында полицияға жағдайға куә болған көршілер хабарлаған.
Олар сондай-ақ жедел жәрдем шақырып, қыздың ата-анасына қоңырау шалады. Қыздың әкесі мен шешесі бұл кезде жұмыста болатын.
Мектеп оқушысы полицияның сұрағына әдейі емес, абайсызда құлап кеткенін айтып түсіндірді.
Пәтерде сондай-ақ қыздың 9 жасар сіңлісі мен 2 жасар інісі болған.
Құлаған қыз түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілді.
Ведомство жыл басынан бері облыс бойынша осымен сегізінші бала терезеден құлап кеткенін мәлімдеді.
Полиция ата-аналардан баласын қараусыз қалдырмауды сұрайды.