×

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 4 адам қамауға алынды

Қаржы пирамидасына қатысы бар тағы үш адам анықталды

 Ербол Тұрымбет 20.04.2022 | 09:14
кадр: қаржы пирамидасына қатысы бар белгілі вайнерлер

Әңгіме «Mudaraban Capital» серіктестігінің қатысушылары – Ш. және Т.есімді азаматтар жайлы болып отыр, оларға қатысты сот бұрын бұлтартпау шарасы ретінде «кепіл» санкциясын берген, сондай-ақ М.есімді және К.есімді азамат сотқа дейінгі тергеу барысында үйқамаққа алынған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов мәлімдеді.

Айтуынша, олар Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.

Қылмыстық іс бір топ азаматтың ASTEX.KZ, ACD Technology ЖШС лауазымды тұлғаларының қаржылық пирамида құру және оны басқару дерегі бойынша ұжымдық арыз негізінде Алматы қалалық полиция департаментінде тіркелді.

2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін қажет деген желеумен қаражат тарту үшін бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды.

Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20 процентін төлеуге міндетті болды. ASTEX.KZ 162 салымшыдан 5 миллиард теңгеден астам қаражатты басқа компания – MUDARABAN CAPITAL арқылы алған.

Айта кетейік, 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді. 1990 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігімен 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізіліп, реанимация бөліміне жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама