×

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-да ішкі аудит: бірқатар басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды

Барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметі тексеріліп жатыр

 Динара Амантай 27.05.2023 | 12:04
Фото: news.myseldon.com

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-ға қарасты жол-пайдалану учаскелері мен пункттерін тексеру нәтижесінде бірқатар басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Казахавтодор» ЖШС бірыңғай жол компаниясына біріктіру жұмыстары аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ішкі аудит қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп, барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметін тексеріп жатыр (ЖПУ, ЖПП).

Ішкі тексеріс барысында бірқатар ЖПУ басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды. Тексеріс толық аяқталып, анықталған фактілер расталған жағдайда, ЖПУ басшыларына ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес шара қабылданады. Анықталған фактілер бойынша құзыретті органдар да қосымша хабардар етіледі.

Ішкі тексеріс төмендегі тармақтарды қамтиды:

- өндірістік құжаттаманы рәсімдеу;

- жанар-жағар майды есептен шығару;

- жол парақтарын рәсімдеу;

- ЖПУ басшыларының қызметкерлердің еңбек пен орындаушылық тәртібін қадағалауы;

- күнделікті жұмысқа еш қатысы жоқ мамандарды тіркеу фактілері және т.б.

Барлық жол-пайдалану учаскелерінің қызметкерлері жұмыс орындарында, күре жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары қалыпты режимде жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар былтырдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен жою үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жұмыс процестерін толық цифрландыруды қолға алғанын айта кеткен жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама