×

Алдағы күндері +37 градус ыстық болады

«Қазгидромет» РМК  27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

 Халық үні 27.05.2023 | 06:31
Фото: tengrinews.kz

«Қазгидромет» РМК  27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың көп бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауап, найзағай ойнайды.

Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, тек республиканың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша жел күшейіп, республиканың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл сақталады.

Ел бойынша ауа температурасы батыс өңірлерде +32+37°С дейін, солтүстік-батыста +30+35°С дейін, солтүстікте +20+30°С дейін, орталықта +20+28°С дейін, оңтүстікте +30+38°С дейін жоғарылайды, оңтүстік-шығыста +20+25, таулы аудандарда +10+15°С дейін аздаған төмендейді, шығыста негізгі фон +23+28°С болжанады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама