×

Астананың маңындағы ауылда жаттығу кезінде 10 жасар бала көз жұмды

Баланың жүрегі тоқтап қалған

 Халық үні 26.05.2023 | 19:31
ашық дереккөзден

Спорт мектебіндегі жаттығу кезінде 10 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлады sputnik.kz.

Оқиға 20 мамырда Астана маңындағы Талапкер ауылында болған. 10 жасар бала денені қыздыру жаттығуы кезінде есінен танып қалған.

Баланың жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем бригадасы оны құтқарып қала алмады. Сол үшін жедел-жәрдем бригадасының бас дәрігері жұмыстан шеттетілді.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама