Halyq Uni логотип
×

Маусым айында елдің 4 ауданына құрғақшылық қаупі төніп тұр

Ылғал тапшылығы бар аймақтар ұлғаяды

 Еркеғали Болатұлы 26.05.2023 | 12:00
Маусым айында елдің 4 ауданына құрғақшылық қаупі төніп тұр
фото: ашық дереккөз

«Қазгидрометтің» синоптиктері Қазақстанда маусым айында болатын құрғақшылық бойынша алдын ала болжамды жариялады.

Болжамға сәйкес Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, температуралық фонның жоғарылауына орай ылғалданған аймақтардың ауданы қысқарады, ал ылғал тапшылығы бар аймақтар ұлғаяды.

Орташа құрғақшылық мына аймақтарда болуы мүмкін:

  • Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы;
  • Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандары;
  • Қызылорда облысының Қармақшы ауданы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама