Halyq Uni логотип
×

Таулы Қарабақ дауы: Армения мен Әзербайжан келісімге келді

Екі ел арасында бітімгершілік келісімге келуге мүмкіндік бар

 Дастан Жұмабекұлы 26.05.2023 | 11:41
Таулы Қарабақ дауы: Армения мен Әзербайжан келісімге келді
фото: ашық дереккөз

Ресейде өткен ЕАЭО саммитінде Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындайтыны туралы келісімге келді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының көзінше Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады.

«Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Арменияның Үкімет басшысы Таулы Қарабаққа қатысты алғашқы болып өз елінің ұстанымын жеткізді. Ол Таулы Қарабақтың Әзербайжанның территориясы екенін мойындайтынын, алайда осы өңірде тұрып жатқан армян халқының құқықтары мен қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өз кезегінде Арменияға аумақтық талаптары жоқ екенін мәлімдеді. Ол Армения Қарабақты Әзербайжанның бір бөлігі ретінде ресми түрде мойындаса, екі ел арасында бітімгершілік келісімге келуге мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама