×

Абай облысындағы орман өрті: 10 тікұшақ жұмылдырылды

Өртті оқшаулаудың жалпы ауданы шамамен 3 500 гектар болады

 Динара Амантай 26.05.2023 | 11:12
Фото: ашық дереккөз

Әуе және жерүсті техникасын қолдана отырып, шұғыл қабылданған шаралардың, сондай-ак өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде Абай облысындағы табиғи өртті кеше кешке оқшаулауға мүмкіндік туды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес жергілікті жерге тұрақты аэровизуалды тексеру жалғастырылып жатыр.

Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 800-ден аса адамы, 200-ден аса техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Сондай-ақ 10 тікұшақ (ТЖМ-нан 5, Қорғаныс министрлігінен 3, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен 2) жұмылдырылды. Барлығы 357 892,5 тонна су төгілді.

Өртті оқшаулаудың жалпы ауданы – шамамен 3 500 гектар.

Секундына 6-10 метр екпінді желдің болуы салдарынан өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлердің болуы да өрттің өршуіне әсер етіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама