Ұйым Еуразиялық кеңістіктің 12 елінің өкілдерін біріктіреді
АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы Мұрат Теміржанов БҰҰ ФАО субөңірлік Еуразиялық топырақ серіктестігінің (EASP) төрағасы болып сайланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Ташкентте ұйымның 6-шы пленарлық отырысы өтіп, қатысушылар оның кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берген.
Айта кетсек, EАSP Еуразиялық кеңістіктің 12 елі өкілдерін біріктіреді. Олар – Қазақстан, Түркия, Ресей, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан.
Ұйымның негізгі міндеті – жер ресурстары, оның ішінде топырақты ұтымды пайдалану және олардың деградациясына қарсы күрес саласындағы өңірдің ерекше мәселелерін шешу.