АШМ комитетінің басшысы халықаралық ұйымның төрағасы болып сайланды
Ұйым Еуразиялық кеңістіктің 12 елінің өкілдерін біріктіреді
![АШМ комитетінің басшысы халықаралық ұйымның төрағасы болып сайланды](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/05/26/647029ecc7ea7032174827.jpg)
АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы Мұрат Теміржанов БҰҰ ФАО субөңірлік Еуразиялық топырақ серіктестігінің (EASP) төрағасы болып сайланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Ташкентте ұйымның 6-шы пленарлық отырысы өтіп, қатысушылар оның кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берген.
Айта кетсек, EАSP Еуразиялық кеңістіктің 12 елі өкілдерін біріктіреді. Олар – Қазақстан, Түркия, Ресей, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан.
Ұйымның негізгі міндеті – жер ресурстары, оның ішінде топырақты ұтымды пайдалану және олардың деградациясына қарсы күрес саласындағы өңірдің ерекше мәселелерін шешу.