Halyq Uni логотип
×

ТЖМ қызметкерлері жұмыстан кетіп жатыр

Салада кадр тапшылығы мәселесі өзекті

 Дәурен Ерболат 26.05.2023 | 09:10
ТЖМ қызметкерлері жұмыстан кетіп жатыр
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жалақының төмендігінен жұмыстан кетіп жатыр. Бұл туралы «Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған шаралардың кешенді жоспарында» жазылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жалақысының 2021 жылдан бастап сараланған өсуін ескергеннің өзінде, ең төменгі жалақы – небәрі 108 мың теңге. Бұл тұрғын үй сатып алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік бермейді. Салдарынан қызметкерлер мен олардың отбасының моральдық-психологиялық жағдайына теріс әсер етеді.

2021 жылы азаматтық қорғау органдарынан 700 қызметкер жұмыстан шығып, басқа құқық қорғау органдарына 94 қызметкер ауысты. 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта 770 қызметкер жұмыстан шықты, - деп жазылған кешенді жоспарда.

Бұл жағдай жұмыстың сапасы мен азаматтық қорғау органдарының төтенше жағдайларға ден қою әзірлігіне кері әсер етіп жатыр.

«Халықты төтенше жағдайлардан қорғауды толыққанды қамтамасыз ету, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, жедел ден қоюды арттыру, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін штат санын ұлғайту және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік пакет ұсыну керек»,  - деп жазылған жоспарда.

Кешенді жоспар Үкімет қаулысымен бекітілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама